• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №323

317 рет
көрсетілді

2015 жылғы 26 наурыз, Астана қаласы Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-46) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов): 1) осы бұйрықтың заңнамада бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респубикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж.ҚАСЫМБЕК «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е.А.Досаев _________________ 2015 жылғы 22 маусым «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрі А. С.Мамытбеков_____________ 2015 жылғы 22 мамыр Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы №323 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі – ИКАО) стандарттарын және ұсынымдарын ескере отырып, «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді, Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуын орнитологиялық қамтамасыз тәртібін айқындайды және Қазақстан Республикасының барлық азаматтық авиация ұйымдарына қолданылады. 2. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету тәртібі: 1) ұшуды орнитологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру тәртібін; 2) құстардың шоғырлануын туғызатын жағдайларды айқындауды және жоюды. 3. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар: 1) авиациялық орнитология - ұшудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты бөлігінде фаунаны, экологияны, құстардың қарекетін және өрісін зерделеумен, сондай-ақ құстардың әуе кемелеріне соқтығысуының алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеумен және жүзеге асырумен айналысатын жалпы орнитологияның қолданбалы пәні; 2) орнитологиялық жағдай - қандай да бір уақыт аралығында құстардың жерде (суда) және әуе кеңістігінде болуы; 3) ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету - құстардың әуе кемелеріне соқтығысуын болдырмауға бағытталған іс-шаралар кешені; 4) құстар тобы - ұзақ уақыт кезеңі ішінде ортақ тіршілік ету кеңістігіне ие болатын дарақтар жиынтығы. 4. Ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұшуды орнитологиялық қамтамасыз етуге жауапты әуеайлақ пайдаланушысының қызметі әзірлейді. 5. Іс-шаралар жоспары әуеайлақта және оған жақын аумақтарда құстардың шоғырлануын туғызатын жағдайларды айқындау және жою жөніндегі іс-шараларды, авиациялық-орнитологиялық тақырып бойынша әуежай қызметкерлерімен сабақтар өткізуді және әуежай жұмысының ерекшелігі мен жергілікті орнитологиялық жағдайға негізделген өзге де іс-шараларды қамтиды. 6. Әуежайда штаттық орнитологтар және орнитологиялық қамтамасыз етуге жауапты адамдар үш жылда кемінде бір реттен сиретпей мамандандырылған курстарда міндетті біліктілікті арттырудан өтуі тиіс. 7. Әуежайдың авиациялық орнитология жөніндегі маманы мыналарды жүзеге асырады: 1) осы Қағидаға сәйкес ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету бойынша жалпы басшылық; 2) авиациялық орнитология мәселелері бойынша әуежай қызметтерінің арасында тікелей өзара іс-қимылды ұйымдастыру; 3) орнитологиялық жағдайды талдау және болжау; 4) тиісті бөлімшелер басшыларына және ұшу құрамына әуеайлақтағы орнитологиялық жағдай туралы ақпарат беру; 5) әуежайдың қызметкерлерімен авиациялық орнитология бойынша сабақтар мен консультациялар өткізу; 6) ӘК-ге құстардың соқтығысуын болдырмау жөніндегі шаралардың дұрыс және уақтылы қабылдануын бақылау. 8. Практикалық іс-шараларды орындауға азаматтық авиация ұйымының басшысы әуеайлақ қызметінің (бұдан әрі – ӘҚ), авиациялық қауіпсіздік қызметінің (бұдан әрі - АҚҚ) қызметкерлерін, ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекторды (бұдан әрі - ҰҚИ), ұшуды іздестіру, авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қызметтерін (бұдан әрі - ҰІАҚҚҚ) және азаматтық авиация ұйымының басқа қызметкерлерін тартады. 9. Тиісті әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлеріне (бұдан әрі – ӘҚҚ), әуеайлақ, авиациялық қауіпсіздік, инженерлік-авиациялық және әуежайдың басқа да қызметтерінің қызметкерлеріне авиациялық орнитология бойынша сабақтарды әуеайлақ қызметінің бастығы ұйымдастырады және әдетте жылдың көктемгі және күзгі мезгілінің алдында техникалық оқу сағаттарында өткізіледі. 10. Авиациялық орнитология бойынша сабақтарда мынадай мәселелер зерделенеді: 1) әуеайлақ ауданында әртүрлі жыл маусымдарындағы орнитологиялық жағдайдың ерекшеліктері: (түр құрамы, әуе кемелерінің ұшуы үшін қауіп төндіретін құстардың топталуы және ұшып өтудің негізгі маршруттары); 2) осы әуеайлақта әуе кемесіне құстардың соқтығысу жағдайларын жыл маусымдары, тәулік кезеңдері, биіктіктер бойынша болу; 3) әуеайлақта ұшуды орнитологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру; 4) әуеайлақ ауданында орнитологиялық жағдайды көзбен шолып және радиолокациялық бақылау; 5) әуеайлақ ауданында құстардың шоғырлануын тудыратын жағдайларды жою; 6) ұшып келе жатқан экипаждың әуе кемесіне құстардың соқтығысу мүмкіндіктерін және қауіп-қатерін азайту жөніндегі іс-қимылы; 7) әуе кемелеріне құстардың соқтығысу салдары (материалдық залал, ұшудағы қауіпті жағдайлар). 2. Ұшуды орнитологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру тәртібі 11. Ұшуды орнитологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру тәртібі мыналарды қамтиды: 1) ұшуды орнитологиялық қамтамасыз етуді талдау; 2) жақын аумақта құстардың шоғырлануын туғызатын жағдайларды анықтау және жою; 3) ұшуды орнитологиялық қамтамасыз етуге қатысатын әуежай қызметкерлерімен, авиакомпаниялардың пилоттарымен авиациялық-орнитологиялық тақырып бойынша сабақтар өткізу. 12. Әуе кемелеріне құстардың соқтығысуының алдын алу бойынша ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету жөніндегі маман жыл басында ұшуды орнитологиялық қамтамасыз етуге талдауды жүргізеді, ол мыналарды қамтиды: 1) әуеайлақта және оған жақын аумақта құстардың топталуы мен ұшып өту мерзімдері мен орындарын экологиялық-орнитологиялық тексеру, көзбен шолып және радиолокациялық бақылау және орнитологиялық тексеру нәтижелері бойынша нақтылау; 2) әуеайлақ ауданында құстардың шоғырлану және жаппай ұшып өту себептерін нақтылау; 3) әуе кемелеріне құстардың соқтығысуының неғұрлым жиі қайталанатын жағдайларын (әуе кемелерінің үлгісі, ұшу биіктігі және жылдамдығы, соқтығысу орны, құстардың түрі, тәулік пен жылдың уақыты) анықтау; 4) соқтығысу салдарын (әуе кемелері зақымдануының саны мен сипаты, әуе кемелерін жөндеуден, тұрып қалудан, кідіртуден, тоқтатылған ұшулардан және мәжбүрлі қонулардан болған материалдық залал) анықтау; 5) әуе кемелерін құстармен соқтығысудан қорғау шараларын орындау бойынша азаматтық авиация ұйымдарының қызметтері мен бөлімшелерінің қызметін талдау. 13. Әуе кемелеріне құстардың соқтығысуы туралы деректер соқтығысулардың талданатын Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған әуеайлақтағы орнитологиялық жағдай журналына енгізіледі. Құстардың топталуы және ұшып өтуі, сондай-ақ олардың себептері туралы талдау уақыты кезеңінде алынған барлық қосымша мәліметтер тиісті схема-карталарға, диаграммаларға, графиктерге және кестелерге енгізіледі. 14. Әуеайлақтарда көзбен шолып орнитологиялық бақылауды ӘҚҚ диспетчерлері немесе штаттағы авиациялық орнитолог жүзеге асырады. Мұндай қадағалау әуе кемелерінің ұшу және қонуға бет алу секторлары шегінде ұшу және қонуға бет алуы кезінде тұрақты жүргізіледі. Орнитологиялық бақылау барысында ҰҚЖ және оған жақын ұшу алаңының аумағы қаралады. 15. Ұшу және қонуға бет алу секторында құстардың топталуы көзбен шолып анықталған кезде, сондай-ақ тілшіден (әуе кемесінің экипажы, ӘҚ, АҚҚ, ҰҚИ, ҰІАҚҚҚ және т.б.) ӘҚҚ диспетчеріне ақпарат келіп түскен жағдайда, ӘҚҚ диспетчері осы ақпаратты барлық мүдделі пайдаланушыларға қозғалыс қызметі диспетчерлерінің жұмыс технологиясына сәйкес хабарлайды. 16. Практикалық іс-шараларды орындауға азаматтық авиация ұйымының басшысы әуеайлақ қызметінің (бұдан әрі - ӘҚ), авиациялық қауіпсіздік қызметінің (бұдан әрі - АҚҚ) қызметкерлерін, ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекторды (бұдан әрі - ҰҚИ), авариялық-құтқару қызметінің (бұдан әрі - АҚҚ) және азаматтық авиация ұйымының басқа да қызметкерлерін тартады. 17. Әуежайдың басшысы: 1) әуеайлақты және әуеайлақ маңындағы аумақты экологиялық-орнитологиялық тексеруді өткізуді; 2) әуежайдың орнитологиялық бағдарламасын әзірлеуді және енгізуді; 3) әуеайлақтан құстарды үркіту үшін орнитологиялық топ құруды; 4) әуе кемесіне құстардың соқтығысуын болдырмау жөнінде әуеайлақ ауданында қажетті жұмыстарды жүргізу үшін кез келген меншік нысанындағы ұйымдармен шарт жасасуды, орнитологиялық қамтамасыз етуді жақсарту бойынша жаңа, тиімді әдістерді практикаға енгізуді; 5) әуе кемесіне құстардың соқтығысуын болдырмауға бағытталған жұмыстар мен іс-шараларды өткізу кезінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды, орнитологиялық қамтамасыз етуді жақсарту бойынша жаңа, тиімді әдістерді практикаға енгізуді; 6) азаматтық авиацияның басқа ұйымдарымен авиациялық орнитологиялық мәселелер бойынша өзара іс-қимылды; 7) ұшуды орнитологиялық қамтамасыз етуді және әуеайлақ ауданында орнитологиялық жағдайды жақсарту бойынша іс-шаралар әзірлеуді; 8) әуежайдың айналасында қосалқы шаруашылықтар құруды немесе кеңейтуді бақылауды; 9) әуежайдың аумағында ауыл шаруашылығы жұмыстарының болмауын бақылауды ұйымдастырады; 10) жыл сайын құстар тудыратын қауіп-қатерлер және оларды азайту әдістерінің мәселелері бойынша ИКАО талаптарына сәйкестігіне аудит өткізіледі. 18. Әуеайлақтың ұшу басшысы әуеайлақтың ҰҚЖ ауданындағы орнитологиялық жағдайдың қиындағаны туралы ӘҚ, АҚҚ, ҰҚИ баяндамалары мен ақпараты негізінде ұшуды тоқтату, шектеу немесе жаңарту туралы шешім қабылдайды. Әуеайлақта немесе әуеайлақ ауданында құстардың шоғырлануы пайда болған жағдайда ӘҚҚ диспетчері АҚҚ қызметкерлеріне құстарды үркітуді жүргізуге тиісті нұсқау береді, сондай-ақ осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес схема бойынша әуеайлақта құстардың болуы туралы әуе кемелері экипаждарына ескертеді. 3. Құстардың шоғырлануын туғызатын жағдайларды анықтау және жою тәртібі 19. Әуежайды әуеайлақтық қамтамасыз ету қызметінің қызметкерлері ұшып көтерілу-қону жолағында (бұдан әрі - ҰҚЖ) құстардың шоғырлануын туғызған жағдайларды анықтайды және жояды, әуе кемесі соққан, ҰҚЖ-дан және оның маңынан табылған құстардың сүйектерін жинайды және анықтайды. 20. Әуежайдың ӘҚҚ ӘҚБ диспетчерінен құстардың топталуы туралы хабарламаны алған соң әуеайлақтың әуе кемелеріне ықтимал қауіп-қатер төндіретін құстар табылған аумағына дереу шығады. Атыс қаруы, пиротехникалық құралдар, жарық арқылы сигнал беретін ракетницалар арқылы әуеайлақ аумағынан құстарды үркіту жөніндегі әрекеттерді әуе кемелерінің қозғалысына құстар қатер төндірмейтін сәтке дейін жүргізеді. Құстардың топталып жиналатын жағдайларында көктемгі-жазғы-күзгі кезеңдерде оқ-дәрілердің жеткілікті мөлшері бар атқыштар мынадай жерлерде: 1) қону нүктесінде, ұшып көтерілу нүктесінде және әуе кемесінде (ұшу жолағынан тыс); 2) ӘҚҚ диспетчерінің «тоқта» деген командасына дейін рульдеу жолдарының ұшу-қону жолағына қиылысқан жерлерде қойылады. 21. Құстардың шоғырлануын туғызатын жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралардың барлығы: 1) әуеайлақтарда жүргізілетін; 2) әуеайлақ маңы аумағында жүргізілетін деген топтарға бөлінеді. 22. Әуеайлақтарда құстардың шоғырлану себептерін ӘҚ қызметкерлері немесе орнитолог-мамандар жояды. 23. Әуеайлақтарда жүргізілетін негізгі іс-шаралардың қатарына: 1) ҰҚЖ маңында құстарды ұя жасауға, демалуға және түнеуге тартатын ағаштар мен бұталарды кесу; 2) әуеайлақтағы шөп жабындысын оңтайлы биіктікке дейін шабу; 3) құстардың әуеайлақтағы ангар-құрылыстарда және басқа да ғимараттарда ұя салу мүмкіндігін азайту; 4) әуеайлақтағы ылғалданған және батпақты учаскелерде мелиорациялық жұмыстар, оларды құрғату және көму; 5) тамақ қалдықтарын жабық контейнерлерде сақтау арқылы ұшақ және әуеайлақ асүйлерінің, әуежай мейрамханасы мен асханаларының тамақ қалдықтарына кіруін болдырмау, қалдықтарды құстар кірмейтін жабық үй-жайларда толық кәдеге жарату; 6) құс аулауға арналған тұзақтар орнату; 7) құстар шоғырланатын жерлерде құстардың өлі денелері мен тұлыптарын қою; 8) әуеайлақ аумағын құстарды өзіне тартатын ауыл шаруашылығы дақылдары үшін пайдалануға жол бермеу; 9) әуеайлақ аумағында құстарды өзіне тартатын жәндіктерге қарсы химиялық өңдеу жүргізу; 10) құстар ұя сала бастағанда құстардың ұясы топтасып орналасқан ағаштардың жоғарғы бұтақтарын кесу немесе ұяларды суатқыштардың көмегімен бұзу; 11) әуеайлақтың бақылау нүктесінен он бес километрден жақын қашықтықта тағам қалдықтарын тастайтын орындарды, аң өсіру фермаларын, қасапханаларды және құстарды өзіне тартумен және олардың топталып жиналуымен ерекшеленетін басқа да объектілер құрылысын орналастыруға тыйым салу; 12) әуеайлақтан 15 километр радиуста тағам қалдықтарын жою/тастауды болдырмау немесе оларды құстар шоғырланған жерлерден қоқысқа ұшатын құстар ҰҚЖ-ны және оған баратын жолдарды кесіп өтпейтіндей есеппен басқа жаққа көшіру; 13) әуеайлақтың айналасындағы дәнді дақылдар егілген ауыл шаруашылығы алқаптарын тек қана түнгі уақытта жырту және қайта жырту; 14) ұсақ құстардың көп мөлшерін тартуды болдырмау үшін әуеайлақ маңында мал жаюға тыйым салу; 15) әуеайлақ маңындағы аумақ арқылы ұшып өтетін құстардың шоғырлану орны болып табылатын әуеайлақ маңындағы ұсақ су айдындарын құрғату; 16) құстардың жаппай ұя салу, демалу және түнеу орны болып табылатын әуеайлақ маңында орналасқан су айдындарында жағалау маңындағы биік өсімдіктерді кесу жатады. 24. Әуеайлақтардан құстарды үркіту әртүрлі құралдардың (биоакустикалық қондырғылардың, қарулардың, ракетницаның, пиротехникалық құралдардың, пневматикалық тапаншаның, механикалық үркіткіштің, айналы шарлардың, лазерлі қондырғылардың, өлі құстар денесінің, шытырлақтың, газды зеңбіректің, жыртқыш құстар макетінің, өрт сөндіру машиналарының, жалаушалардың және өзге де құралдардың) көмегімен жүргізіледі. 25. Әуеайлақтарда құстарды аулау тұзақпен, аулармен, өрмек аулармен, қақпанмен, ұйықтататын заттармен және басқа да құралдармен жүргізіледі. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидаларына 1-қосымша Нысан Әуеайлақтағы орнитологиялық жағдай журналы Күні____________________________________ Оқиға уақыты __________________________________________ ӘК үлгісі_______________________________________ ӘК № ___________________________________________ Авиакомпания _________________________________ рейстің № ______________________________________ Болған оқиға туралы кім хабарлады: ______________________________________________________________ ҰҚЖ құстардың қандай қалдықтары табылды:______________________________________________________ Табылған орындары (ҰҚЖ осіне және таяу жердегі РЖ қатысты): ______________________________________ Ұшу кезеңдері (биіктігі, жылдамдығы, ұшу-қону): ____________________________________________________ Құстардың түрлері және саны: ___________________________________________________________________ Құстардың ӘК-ге соқтығысқан орны: ______________________________________________________________ Зақымдану:_____________________________________________________________________________________ Экипаж мәліметтері: ___________________________________________________________________________ ҰҚЖ жұмыс курсы: _____________________________________________________________________________ ҰҚЖ соңғы қаралған уақыты: ____________________________________________________________________ Оқиға болған сәттегі орнитологиялық жағдай: _______________________________________________________ Метеожағдай: ___________________________________________________________________________________ Рейсті орындау үшін салдары: ___________________________________________________________________ Ескертпе: Т.А.Ә. (бар болса)______________________ 20__жыл «__»__________қолы _____________ Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидаларына 2-қосымша Нысан Әуеайлақта құстардың шоғырлануы анықталған жағдайда қызметтердің жедел өз ара іс-қимыл СЫЗБАСЫ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 22 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11724 болып енгізілді.